Басты жаңалық

Қазақстан Халық Партиясы Ұлытауда жаңа Конституция жобасын талқылады

Ұлытау облысында Қазақстан Халық Партиясының өңірлік филиалы жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өткізді. Кездесу барысында құжаттың негізгі баптары түсіндіріліп, алдағы конституциялық өзгерістерді іске асырудағы қоғамдық-саяси институттардың рөлі сөз болды.

Облыстық филиал төрағасы Оразалы Бақырбаев партияның жаңа Конституция жобасын қолдайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл құжат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформаларды жүзеге асырудағы маңызды кезеңдердің бірі.

Жоба аясында «Заң мен тәртіп» және «Әділдік» қағидаттарын күшейту, білім, ғылым және инновация арқылы адам капиталын дамыту мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау, адвокат көмегіне кепілдік беру және еңбек ету құқығын нығайтуға бағытталған нормалар таныстырылды.

Партия өкілдері аталған өзгерістерді елдің саяси жүйесін дамытуға бағытталған қадам ретінде бағалады. Осындай ақпараттық кездесулер алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.

Back to top button