Спорт
Senat Open-2026: Жол саласы қызметкерлері шахмат турнирінде бақ сынады

Аталған іс-шара мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлері арасында зияткерлік спортты дамытуға, стратегиялық ойлау қабілетін жетілдіруге және корпоративтік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Турнирге қатысушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби әлеуетін көрсетті. Жарысқа Ұлытау облысының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының және Жол активтері сапасының ұлттық орталығы филиалы қызметкерлері қатысып, логикалық ойлау қабілеті мен жауапкершілігі жоғары шешім қабылдау мәдениетін танытты.