Басты жаңалықСпорт
Тараз төрінде тартыс: Ұлытаудың кубоктық жолы басталады

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Кубогының жеребесі өтті. Биыл ел кубогына Қазақстанның 32 командасы қатысады. Әрбір ұжым басты жүлде үшін бар күшін салуға ниетті.
Ұлытау командасы турнирдегі жолын 1/16 финал кезеңінен бастайды. Алғашқы қарсылас – «Тараз» командасы. Бірінші кездесу Тараз қаласында өтеді.
Айта кетейік, келесі кезеңдерге өткен жағдайда команда барлық ойындарын бір матчтан тұратын форматта сырт алаңда өткізеді. Кубоктың алғашқы ойындары 8–9 сәуір күндеріне жоспарланған.
Осылайша, Ұлытаудың кубоктық жолы Тараздан басталмақ. Жанкүйерлер тартысты әрі қызықты матч күтуде.