Заң және тәртіп
Ұлытау облысында қоғамдық орындарда қауіпсіздік талқыланды

Кеңесте келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды. 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енетін «ҚР құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң талаптарына сәйкес, кафе мен мейрамханалардағы қауіпсіздік қызметінің рөлі атап өтілді.
Полиция бизнес өкілдерімен ашық әріптестікке дайын екенін, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет екенін білдірді. Сондай-ақ бірлескен шараларды күшейту ұсынылды.