Ұлытау тынысы

Ұлытау облыстық кәсіподағында Кеңес отырысы өтті

Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағында Кеңес отырысы өтті. Жиынға облыстық Атқару комитетінің мүшелері қатысты.

Отырыста 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы, кәсіподақ мүшелігі бойынша статистикалық есеп, «Педагог мәртебесі туралы» заңның орындалуы, сондай-ақ кәсіподақ қызметін цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері қаралды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының конституциялық реформаны қолдау жөніндегі Үндеуі талқыланды.

Кеңес мүшелері кәсіподақ жұмысын жетілдіру, әлеуметтік әріптестікті нығайту және мүшелердің құқықтарын қорғау бағытында ұсыныстар білдіріп, тиісті қаулылар қабылдады.

Back to top button