Спорт
“ФК Ұлытау” алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді

Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымының басталуына небәрі 6 күн қалды. Футболсүйер қауым тағатсыздана күткен додаға командалар қызу дайындық үстінде.
Біздің команда жаңа маусымдағы алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді. Кездесу Түркістан қаласында өтеді. Бұл матч маусымдағы алғашқы сынақ болмақ.
Қазір дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Жаттығу процесі қарқынды, команда ойынға тыңғылықты әзірленуде. Жанкүйерлерге тартысты әрі қызықты маусым сыйлау – басты мақсат.
Маусым жақындап қалды. Үлкен футбол қайта оралады!