Қоғам
Жезқазған қаласын дамыту: қоғамдық талқылау өтеді

Жезқазған қаласының әкімдігі жанындағы Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі қала тұрғындарын қоғамдық талқылауға шақырады.
Талқылауда «Жаңа құрылыс», «Кенесары», «Қостанкелді» және «Орталық» аудандарының егжей-тегжейлі жоспар жобалары қаралады. Күн тәртібінде аумақтық-экономикалық даму, аймақтандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және қаланың инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қамтылады.
Іс-шара 2026 жылғы 5 наурызда сағат 15:00-де Жезқазған қаласы, Есенберлин көшесі, 9А мекенжайындағы «Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында» өтеді.
Жобаны әзірлеуші – «КАЗГИПРОГРАД-1» ЖШС.
Байланыс: +7 (727) 278 05 12
E-mail: kazgiprograd_1@mail.ru