Ұлытауда өткен әсерлі этно-кездесу

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Бақдәулет» мейрамханасында «Дастархан поэзиясы: татар және башқұрт нақыштары» атты тағылымды әрі әсерлі кездесу өтті. Іс-шараны Ұлытау облысы бойынша «Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресі» РҚБ филиалы, «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігі және «Ақ калфак» ұйымы Ұлытау облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырды.
Кеш қонақтарға ұлттық қонақжайлықтың ерекше атмосферасын сыйлады. Ұлттық тағамдар шеруі өтіп, чак-чак, губадия, эчпочмак, кыстыбый сынды тағамдар ұсынылды. Әсіресе «Референдум» жазуы бар ұлттық губадия көпшіліктің назарын аударып, бірлік пен азаматтық ұстанымның символына айналды.
Қонақтар интерактивті байқауларға қатысып, үй кеспесін дайындау бойынша шеберлік сағатына атсалысты, ән мен биді тамашалады. Іс-шара барысында аға буын өкілдері мен қоғам белсенділеріне алғыс айтылды.
Мұндай кездесулер еліміздегі татулық пен келісімді нығайтып, Қазақстанның ортақ үйіміз екенін тағы бір мәрте