
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында Наурыз мейрамына дайындық, «Таза Қазақстан» акциясы және алдағы көгалдандыру жұмыстары қаралды.
Өңір басшысы елді мекендерді мерекеге сай безендіруді күшейтуді, санитарлық талаптарды қатаң бақылауды тапсырды. Сонымен қатар мереке күндері коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, төтенше қызметтердің күшейтілген режимде кезекшілік етуі міндеттелді.
Жиында алдағы ағаш отырғызу маусымына дайындық та талқыланып, облыс әкімі бұл жұмыстарды жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.