Басты жаңалықҰлытау тынысы
Тренд

ҰЛЫТАУДАН МАҢҒЫСТАУҒА ТІКЕЛЕЙ ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ

2026 жылғы 1 сәуірден бастап Жезқазған теміржол вокзалынан Маңғыстау облысына дейін тікелей жүрдек жолаушылар пойызы іске қосылады.

Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Қарағанды – Жезқазған бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызының маршруты Маңғыстау станциясына дейін ұзартылды.

Енді жолаушылар Жезқазған қаласынан Маңғыстау өңіріне тікелей қатынай алады. Жол жүру уақыты шамамен 29 сағатты құрайды. Жиілігі — аптасына 2 рет. 

Пойыз билеттері сатылымға шығарылды.

Back to top button