Қоғам

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық іс-шаралар өтті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысы аумағында бірқатар экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың негізгі мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамның белсенділігін күшейту арқылы өскелең ұрпақтың қоршаған ортаны қорғауға деген санасын қалыптастыру.

Бүгін облыстың колледждерінде акция аясында зияткерлік EKO-QUIZ ойындары өткізілді. Командалық форматта өткен викторина барысында студенттер экология саласындағы білімдерін сынап, логикалық ойлау қабілеттері мен топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Сұрақтар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениет және Қазақстанның табиғи ресурстарын ұқыпты пайдалану тақырыптарын қамтыды.

Іс-шара белсенді әрі танымдық атмосферада өтіп, жастардың үлкен қызығушылығын тудырды. Мұндай бастамалар экологияға саналы көзқарас қалыптастырып, ел болашағы үшін жеке жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» — экологиялық ойла, жауапкершілікпен әрекет ет ұранымен жүзеге асырылады. Бұл акция тек қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастама ғана емес, сонымен қатар рухани тазалықтың, адалдық пен отансүйгіштіктің идеологиясын насихаттайды. Әрбір азамат өңір мен ел болашағына өз үлесін қосуы маңызды.

Back to top button