
Елімізде өтіп жатқан республикалық референдум барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдары күшейтілген қызмет режиміне көшті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Референдум – 2026» онлайн-марафонында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.
«Полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана кіре алады. Қазіргі уақытта елдегі жағдай – тұрақты, толық бақылауда. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі – азаматтарды заңды сақтауға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады», – деді Ш.Әлекешев.