Қоғам
Тренд

Ұлытау тұрғыны референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Ұлытау ауданының тұрғыны Зүкен Ершуманова алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Таңмен таласа №123 сайлау учаскесіне келген ол жаңа Конституцияны таңдау маңызды екенін жеткізді. Кент тұрғынының айтуынша, учаске ашылмай тұрып келген.

“Референдумда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол әдетім бойынша биыл да ерте келдім. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, сағат 06:00-ден бері учаскенің ашылуын күттім. Еліміздің болашағын айқындайтын үлкен саяси науқанға алғашқылардың бірі болып үлес қосқым келді“– дейді Зүкен Ершуманова.

Back to top button