
Ұлытау облысында республикалық референдум барысында 116 жастағы Түймегүл Темірбаева азаматтық белсенділік танытты. Қызылжар кентінде тұратын әжеге учаскелік комиссия мүшелері арнайы дауыс беру жәшігін үйіне апарды.
1910 жылы туған Түймегүл әженің 15 немересі және 25 шөбересі бар. Ол өмір бойы отбасының тірегі болып, еңбекқорлық пен жақындарына деген сүйіспеншілікті басты ұстаным еткен. Туыстарының айтуынша, денсаулығына еш шағым айтпай, белсенді өмір сүріп келеді.
Осылайша ғасырдан асқан тұрғын маңызды саяси науқаннан шет қалмай, ел тағдырына қатысты шешім қабылдады.