
Жезқазған қаласындағы Ұлытау облысының әмбебап кітапханасында орналасқан №30 референдум учаскесіне «Ұлытау» футбол клубының ойыншылары келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Команда мүшелері маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Футболшылар референдумға қатысу әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтіп, барша тұрғындарды белсенділік танытуға шақырды.