ТүркПА байқаушылары: Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылар құрамына кіретін Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Осман Местен миссия мүшелері Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 115 сайлау учаскесіне баратынын айтты.
«Миссия байқаушылары барлық процесс кәсіби, өте жоғары деңгейде өтті деген қорытындыға келді. Дауыс берушілерге қажетті ақпарат толық ұсынылды. Біз тарапымыздан референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Миссия мүгедектігі бар азаматтар үшін қабылданған шараларды оң бағалайды. Сондай-ақ халықаралық байқаушылардың жұмыс істеуіне арналған Қазақстандағы құқықтық жағдайды жоғары бағалайды. Миссия 2026 жылы 15 наурызда өткен референдум Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілді деген қорытындыға келді», – деді спикер халықаралық байқаушылар-қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.