Қоғам
Тренд

Ұлытауда Қайырымдылық күніне орай көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді

Жыл сайын 15 наурызда Қазақстанда Қайырымдылық күні атап өтіледі. Бұл күн Наурыз мейрамы аясында өткізіліп, мейірімділік пен өзара көмектің, қоғамның қолдауына мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетудің символына айналған.

Осыған орай «Ұлытау» ӘКК» АҚ басшылығы әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы отбасыларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Компания өкілдері бірнеше көпбалалы отбасына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап, азық-түлік себеттері мен жаңа сойылған ет табыстады.

«Бүгін біз алты-жеті баланы тәрбиелеп отырған бірнеше көпбалалы отбасына бардық. Кейбірінде ерекше қажеттіліктері бар балалар өсіп келеді. Бұл игі бастаманы Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырдық. Басты мақсатымыз — осы отбасыларға жылу мен қамқорлық көрсету», — деді «Ұлытау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Садыбеков.

Оның айтуынша, алдағы уақытта компания отбасылардың бірін қамқорлығына алып, жан-жақты қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Back to top button