Қоғам
Тренд

Кітап – рухани дамудың негізі

Ұлытау облысында «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай мектеп кітапханасында «Бірге кітап оқиық» атты рухани кездесу өтті. Іс-шараны Полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Сезім Қасымова ұйымдастырып, «Жас сақшы» сыныбының оқушыларымен жүздесті.

Кездесу барысында кітаптың құндылығы, білімнің маңызы және жас ұрпақтың рухани дамуы кеңінен талқыланды. Оқушылар қазақ әдебиетінің тағылымды шығармалары туралы пікір алмасып, кітаптың адам санасына әсері жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар жастар кітап оқудың тұлғалық даму мен саналы ой қалыптастырудағы маңызы туралы маңызды мәліметтер алды.

Шара соңында оқушылар кітап оқуға шақырылып, білім мен ізденістің әр адамның өміріндегі рөлі ерекше екені атап өтілді.

Back to top button