Қоғам
Тренд

Ұлытау облысында 100-інші дауыс беруші тіркелді

Жаңаарқа ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі белсенді түрде жалғасып жатыр. Таңертеңнен бастап тұрғындар өз таңдауларын жасап, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда. Учаскелерде барлық қажетті жағдай жасалып, дауыс беру тәртібі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

Сайлау учаскелерінің бірінде 100-інші болып келген дауыс берушіге арнайы естелік сыйлық табысталды. Ұйымдастырушылар бұл бастама тұрғындардың белсенділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Back to top button