2026 жылы Қазақстанда жаңа энергия нысандары іске қосылады

Биыл Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінен жалпы қуаты 2,64 ГВт болатын жобаларды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар 2027 жылдың бірінші тоқсаны соңына қарай елдегі энергия тапшылығын толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылы 3,7 млрд кВт·сағ энергия импортталғанын атап өтіп, жаңа қуаттарды іске қосу жұмысын күшейтуді тапсырды. Биыл іске қосылатын энергия нысандары:
• 4 бу-газ қондырғысы (БГҚ) — оңтүстік өңірлерді электр қуатымен және жылумен қамтамасыз етеді;
• Қызылорда облысында — 240 МВт қуатты БГҚ;
• Түркістан облысында — 1 ГВт қуатты БГҚ құрылысын жалғасуда.
• 2 жел электр станциясы — Қостанай облысында: 50 МВт «Aspan Energo» және 100 МВт «Гиперборея».
• 4 күн электр станциясы — Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай және Жетісу облыстарында, жиынтық қуаты 92 МВт.
• «Текелі энергия кешені» және Атырау ЖЭО — жалпы қуаты 60 МВт жаңа турбоагрегат пен қазандық іске қосылады.
• Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 — заманауи бу-газ қондырғылары, жиынтық қуаты 1,1 ГВт.
• Түркістан облысында шағын ГЭС («ТАУЭНЕРГО») жұмысын бастайды.
Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) есебінен энергия теңгерімін әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы ЖЭК-тің қуаты 245 МВт болатын бірқатар маңызды нысандар пайдалануға беріледі.
Бұл қадамдар Қазақстанның энергия қауіпсіздігін нығайтып, экологиялық таза әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған.