Білім
Ұлытау облысы білім басқармасы: мониторинг қорытындысы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті «Ұлытау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мониторинг жүргізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылды. Мониторинг барысында мемлекеттік қолдау шараларының көрсетілуі, субсидиялардың заңнама талаптарына сәйкестігі және нарық субъектілеріне тең қолжетімділіктің сақталуы зерделенді.
Қорытындысында заңбұзушылықтар анықталмағаны және монополияға қарсы шаралар қабылдауға негіздер жоқ екені белгілі болды.