Ұлытауда жұмыс іздеп жүрсіз бе?
Қай салада ең көп вакансия бар және қанша жалақы төлейді?

Жұмыс іздеп жүргендер үшін жақсы жаңалық. Қазіргі таңда Ұлытау облысында электрондық еңбек биржасында жүздеген бос жұмыс орны жарияланған. Өңірде өндіріс, мемлекеттік қызмет, білім беру, медицина, ІТ және қызмет көрсету салаларына мамандар қажет. Enbek.kz порталындағы мәліметтерге сәйкес, кейбір вакансиялар бойынша ұсынылатын жалақы 600 мың теңгеге дейін жетеді.
Қай салада жұмыс көп?
Бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру, өндіріс және мемлекеттік секторға тиесілі.
Қазіргі уақытта жұмыс берушілер:
мұғалімдерді;
әдіскерлерді;
бөлім басшыларын;
дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді;
электргазбен дәнекерлеушілерді;
электриктерді;
машинистерді;
концентраторшыларды;
ІТ мамандарын;
мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа шақыруда.
Кейбір жұмыс орындарына тәжірибесі жоқ азаматтар да қабылданады.
Ең жоғары жалақы қай мамандықтарға ұсынылған?
Enbek.kz порталында жарияланған вакансиялардың ішінде ең жоғары жалақы төмендегі мамандықтарға ұсынылған:
ІТ сервис қауіпсіздігі жөніндегі маман – 600 000 теңгеден бастап;
Концентраторшы – 450 000 теңге;
Электргазбен дәнекерлеуші-кесуші – 400 000–500 000 теңге;
Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик – 372 000–500 000 теңге;
Жол-құрылыс техникасының машинисі – 403 000 теңгеден бастап;
Погрузчик машинисі – 391 000–400 000 теңге.
Мемлекеттік қызметте де бос орындар бар
Ұлытау облысында мемлекеттік мекемелер де жаңа қызметкерлерді іздеуде. Мәселен, бас маман (С-О-5 санаты) лауазымына 327 мың теңгеден астам жалақы ұсынылған. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлар мен басқа да әкімшілік қызметтерге конкурс жарияланған.
Мұғалімдерге сұраныс жоғары
Білім беру ұйымдарында бірнеше бағыт бойынша мамандар қажет.
Атап айтқанда:
математика;
информатика;
қазақ тілі мен әдебиеті;
орыс тілі мен әдебиеті;
ағылшын тілі;
музыка пәндерінің мұғалімдері.
Сондай-ақ әдіскерлер мен бөлім басшыларына да бос орындар бар. Ұсынылатын жалақы қызметіне қарай 150 мыңнан 288 мың теңгеге дейін.
Тәжірибесіз де жұмыс табуға болады
Электрондық еңбек биржасындағы көптеген вакансияларда жұмыс тәжірибесі міндетті талап ретінде көрсетілмеген. Кейбір жұмыс берушілер вахталық әдіспен еңбек етуді, ал кейбірі тұрғын үй немесе әлеуметтік қолдау шараларын да ұсынады. Егер жұмыс іздеп жүрсеңіз, бос жұмыс орындарының толық тізімімен Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы танысып, өзіңізге қолайлы вакансияға бірден өтініш бере аласыз.