Заң және тәртіп
Жаңаарқада «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні «Жасөспірім» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Бидайық жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, буллинг, кибербуллинг, нашақорлық, сталкинг және дропперлік сияқты қоғамда өзекті болып отырған проблемалар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, оқушылар арасында бопсалау деректерін анықтау мақсатында анонимді анкеталық сауалнама ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.