Ұлытау тынысы
Ауыл Аманаты бағдарламасы: Жаңаарқада жаңа өндіріс ашылды

Ауыл Аманаты бағдарламасының арқасында Жаңаарқа ауданының кәсіпкері, «ATAMURAD и К» СПК кооперативінің мүшесі Атамурат Мердан жартылай фабрикаттар өндіретін жаңа цех ашты.
Бағдарлама аясындағы төмен пайыздық қаржыландырудың нәтижесінде кәсіпкер заманауи құрал-жабдықтар сатып алып, өндірісін жолға қойған. Кәсіпкер жергілікті бизнесті қолдаған «ЭКК ҰЛЫТАУ» АҚ қызметкерлеріне алғыс білдірді.