Басты жаңалықСпорт
Ұлытау облысында самбо чемпионаты өтеді

2010–2011 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында самбодан Ұлытау облысының чемпионаты ұйымдастырылады. Дүбірлі додада жас балуандар өз шеберліктерін шыңдап, облыс біріншілігі үшін бақ сынайды.
Жарыстың салмақ өлшеу рәсімі 14 наурыз күні сағат 17:00-де өтеді. Ал чемпионаттың ашылуы мен белдесулер 15 наурыз күні сағат 10:00-де басталады.
Іс-шара Ұлытау спорт кешені ғимаратында ұйымдастырылады.
Ұлдар салмақ дәрежелері:
46 кг, 49 кг, 53 кг, 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, +88 кг.
(1 кг салмаққа рұқсат етіледі)
Қыздар салмақ дәрежелері:
41 кг, 44 кг, 47 кг, 50 кг, 54 кг, 59 кг, 65 кг, 72 кг, +72 кг.
(1 кг салмаққа рұқсат етіледі)