Қоғам
Тренд

Жезқазғанда «Таңдау сізде!» үгітбригадалар байқауы өтті

Жезқазған қаласында нашақорлықтың алдын алу және ЖИТС-пен күрес жөніндегі ақпараттық науқан аясында жастар арасында «Таңдау сізде!» атты үгітбригадалар байқауы өтті.

Байқауға Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы колледж студенттерінен құралған 12 команда қатысты. Қатысушылар сахналық қойылымдар арқылы есірткінің зияны, дұрыс өмірлік таңдау жасау және адам денсаулығын сақтаудың маңызы туралы әсерлі көріністер көрсетті.

Іс-шараны Ұлытау облысы Полиция департаменті мен облыстық ЖИТС орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Байқау қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Back to top button