
Жезқазған қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараға департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Е. Сылқымбекұлы қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, құмар ойындарға қатысудың құқықтық және тәртіптік салдары, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушыларға құмар ойындарға тәуелділіктің қоғамға, отбасыға және мемлекеттік қызметшінің кәсіби беделіне тигізетін кері әсері айтылып, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.