Қоғам
Тренд

Жезқазғанда 173 үй кәріз желісіне қосылады

Жезқазған қаласында кәріз жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы Байсейітова, Аманжолов және Құрманғазы көшелерінде күрделі жөндеу жүргізіліп, жалпы ұзындығы 2746 метр жаңа кәріз желісі тартылды.

Биыл осы жұмыстардың жалғасы ретінде тұрғын үйлерді жаңа кәріз жүйесіне қосу кезеңі басталады. Жоспар бойынша аталған көшелердегі 173 тұрғын үй кәріз желісіне қосылады. Бұл тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, санитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, алдымен үйлерді кәріз жүйесіне толық қосу жұмыстары аяқталады. Одан кейін ғана жолдарды қалпына келтіріп, асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бұл инфрақұрылым жұмыстарын сапалы әрі тиімді жүргізу үшін қажет.

Back to top button