Ұлытау тынысы
Тренд

Жезқазғанда «Наурыз-Fest» акциясы өтеді

13–23 наурыз аралығында Қазақстан бойынша Наурыз мерекесіне орай республикалық «Наурыз-Fest» акциясы өтеді. Акцияның мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау және халыққа азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды қолжетімді бағамен ұсыну.

Акция аясында сауда желілерінде түрлі тауарларға жеңілдіктер қарастырылып, сауда орталықтарында мерекелік фотозоналар ұйымдастырылады.

Ұлытау облысында акция Жезқазған қаласындағы бірқатар сауда орындарында өтеді. Атап айтқанда, «Шаруа», «Дарига» сауда үйлерінде, «Технодом» дүкенінде, сондай-ақ «Самаз», «Юникс», «Органик», «Акцент», «Самади» супермаркеттерінде тұрғындарға мерекелік жеңілдіктер ұсынылады.

Back to top button