Спорт
Ұлытаулық гимнастшылар халықаралық жарыстан қола жүлде иеленді

Ұлытау облысының көркем гимнастика шеберлері халықаралық жарыста топ жарып, командалық есепте қола медаль жеңіп алды. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Ресей елдерінің спортшылары қатысты. Халықаралық додада өңір намысын қорғаған жас гимнастшылар жоғары нәтиже көрсетіп, үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Жүлдегерлер қатарында 2013 жылы туған Айым Ғалымжанова мен Айлана Орынбасар, сондай-ақ 2015 жылы туған Айнель Орынбасар бар. Үш спортшы да командалық есепте ІІІ орынға ие болып, Ұлытау облысының қоржынына қола медаль салды.

Бұл жетістік — жас спортшылардың табанды дайындығы мен жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі. Алдағы жарыстарда да жерлестерімізге сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!