Қоғам
Тренд

Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат: Тұсаукесер дәстүрі

Наурыз мейрамы қарсаңындағы «Наурызнама» онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімін таныстырды.

Тұсаукесер – сәби тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасаған кезде өткізілетін дәстүр. Бұл рәсімде баланың тұсауын елге сыйлы адамға кестіріп, ақ тілектер айтылады.

Мұндай салт-дәстүрлерді дәріптеу – ұлттық мұраны келер ұрпаққа жеткізудің маңызды жолы.

Back to top button