
«Наурызнама» онкүндігі аясында 17 наурыз – «Шаңырақ» күніне орай «Ұлытау» сапар орталығында мазмұнды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлері, сондай-ақ аудандық мекемелер мен бөлім басшылары қатысты.
Мерекелік жиын барысында қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылып, ата-бабадан мұра болған салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Домбыраның күмбірлеген үнімен күй төгіліп, әуелеген әндер шырқалды. Сонымен қатар ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара соңында қонақтар ізгі тілектерін арнап, ақ баталарын берді. Осындай тағылымды іс-шаралар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға өз үлесін қосары сөзсіз.