Қоғам

Қазақстанда сегіз перинаталдық орталық пен жеті балалар ауруханасы салынады

Қазақстанда халық санының өсуіне байланысты денсаулық сақтау инфрақұрылымын кеңейту жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды құрылыс аясында жаңа медициналық нысандар салу қажеттігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, елімізде жеті миллионға жуық бала бар. Бұл – жалпы халықтың 34 пайызы. Жыл сайын 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Осыған байланысты алғашқы кезеңде ел бойынша сегіз заманауи перинаталдық орталық салу көзделген.

Сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында жеті көпбейінді балалар ауруханасы бой көтереді. Астанада тағы екі медициналық нысан салу жоспарланған.

Мемлекет басшысы медициналық инфрақұрылымды дамытуға бюджет қаражатымен қатар жеке капиталды да кеңінен тарту керектігін айтты. Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын тиімді жүзеге асырып, қажетті шешімдерді қабылдауды негізсіз созбауды тапсырды.

Back to top button