Ұлытаулық боксшы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Ұлытау облысының тумасы Владислав Саможонов 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы Черногорияның Будва қаласында өткен дүбірлі додада ел намысын қорғап, үздіктер қатарынан көрінді. 16–27 қазан аралығында ұйымдастырылған әлем чемпионатында Владислав аса ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтап, күміс медаль иеленді.

Жаңаарқа ауданында дүниеге келген боксшының бұл жетістігі — табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Әлемдік додада жоғары нәтиже көрсеткен спортшы Қазақстанның абыройын асқақтатып, туған өңірінің мерейін үстем етті.

Айта кетейік, U19 санатындағы әлем чемпионаты жас боксшылар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдайтын маңызды жарыстардың бірі саналады.