Басты жаңалық

Ұлытау облысында 60-тан астам шаруа жеңілдетілген несие алады

Биыл Ұлытау облысында ауыл кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 60-тан астам шаруа жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Мемлекеттік жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бағдарламаға қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда.
Мамандардың мәліметінше, қатысушылардың көпшілігі несиені мал басын көбейтуге бағыттамақ. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларындағы жобаларға басымдық беріледі.
Айта кетейік, соңғы үш жылда «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы облыста 3,5 млрд теңгеге 600-ден астам жоба қолдау тапқан.

Back to top button