Ақсақалдармен кездесу: Референдумның маңызы талқыланды

Ел болашағына қатысты маңызды бағыттарды талқылау мақсатында өңір ақсақалдарымен кездесу ұйымдастырылды. Басқосу барысында алдағы референдумның мәні мен маңызы жан-жақты түсіндіріліп, оның ел дамуына тигізер ықпалы жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Сондай-ақ Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Жиын барысында ақсақалдар ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері төңірегінде өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Референдумға қатысу — әр азаматтың ел болашағына қосқан үлесі екені ерекше айтылды.
Кездесу еркін диалог форматында өтіп, көтерілген ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды. Алдағы уақытта айтылған бастамалар бойынша тиісті жұмыстар жалғасын табады.
Ортақ мақсат — қоғам пікірін ескере отырып, ел дамуына қатысты маңызды шешімдерді бірлесе қабылдау. Бірлік пен тұрақтылық – кемел келешектің берік негізі.