Заң және тәртіп
Жезқазғанда «Мал ұрысы» іс-шарасы өтуде

3–5 наурыз күндері Жезқазған қаласында «Мал ұрысы» атты жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылуда.
Осы үш күн ішінде полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау мен сатуға бақылауды күшейтті. Қала аумағында және автожолдарда рейдтер жүргізіліп, мал тасымалдайтын көліктер, базарлар мен сою орындары тексерілуде. Әсіресе, ілеспе құжаттар мен ветеринариялық анықтамалардың толық әрі заңды болуына баса мән берілуде.
Шараның басты мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, заңсыз сою деректерін анықтау және ет өнімдерін заңсыз сатудың жолын кесу.
Полиция тұрғындарды қырағылық танытып, күмәнді жағдайлар туралы «102» нөміріне хабарлауға шақырады.