Заң және тәртіп
Тәртіп пен талап – табыс кепілі

Сәтбаев қаласындағы №16 мектепте Ұлытау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев «Жас сақшы» сыныбының оқушыларымен кездесті. Ол жас буынмен әңгімелесіп, полиция қызметінің ерекшеліктері, жауапкершілік пен тәртіптің маңызын түсіндірді.
«Жас сақшы» сыныбы өткен жылы ашылып, қазіргі кезде 9-сынып оқушылары құқық негіздерін меңгеріп, саптық дайындықтан өтіп, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренуде. Олар түрлі байқаулар мен жарыстарда облыс намысын қорғауда.
Нұрхат Оразбаев жастарға заңға құрметпен қарауды, әділдік пен жауапкершілікті өмірлік ұстаным ету керектігін жеткізді. «Нақты тәртіп – болашаққа бастар жол», – деді ол.