Денсаулық

Ұлытау облысында санитарлық авиация арқылы науқас шұғыл жеткізілді

Ұлытау облысында санитарлық авиация желісі арқылы шұғыл медициналық эвакуация жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қарасты Қазавиақұтқару авиациялық бөлімшесінің тікұшағы «Жезқазған — Қаражал — Жезқазған» бағыты бойынша әуе рейсін орындап, 1962 жылы туған науқасты тасымалдады.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы жедел әрі мамандандырылған медициналық көмекті қажет еткен. Осыған байланысты санитарлық авиацияны пайдалану туралы шешім қабылданған.

Әуе рейсі сәтті орындалып, науқас Жезқазғандағы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауына алынып, қажетті ем-дом шаралары жүргізілуде.

Back to top button