
Ұлытау облысына жұмыс сапарымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев келіп, Қызылорда – Жезқазған республикалық автожолының реконструкциясымен танысты. Жобаның ұзындығы 208 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарына 740-тан астам техника мен 1300 маман жұмылдырылған.
Кездесу барысында Жезқазған – Сәтбаев учаскесіндегі ауыр жүк көліктерінің жолға келтіретін зияны туралы тұрғындардың мәселесі көтеріліп, бұл бағытта айналма жол салу жоспарланып отырғаны айтылды.
Сонымен қатар Жезқазған қаласында жаңа стелла орнатылып, жол бойында бірнеше аялдама салу көзделуде. Қарағанды – Жезқазған тасжолын жаңарту жұмыстары да жоспарлануда.