Ұлытау тынысы
Тренд

Ұлытаудан мерекелік құрмет

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырған салтанатты қабылдауына Ұлытау ауданынан әлеуметтік сала ардагері Өмірбаева Жангүл Айтжанқызы қатысты.

Жангүл Айтжанқызы саналы ғұмырын әлеуметтік салаға арнап, ұзақ жылдар бойы халықпен тығыз жұмыс істеді. Әсіресе аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында жемісті еңбек етіп, көптеген тұрғындардың алғысына бөленді.

Жуырда ғана зейнеткерлікке шыққан білікті маманның еңбегі мерекелік қабылдауда ерекше атап өтілді.

Back to top button