Ұлытау тынысы
Тренд

Жезқазғанда жаңа босанған аналарға құрмет🌷

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өмірге сәби әкелген аналарды құттықтады.

Қала әкімі перзентханада болып, жас аналармен жүздесті. Ол аналарды көктемнің ең шуақты мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

Кездесу барысында Қайрат Шайжанов жаңа босанған аналарға гүл шоқтарын және естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар ақ халатты абзал жандардың еңбегіне алғыс айтып, перзентхана ұжымына ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, мұндай игі шаралар аналарға құрмет көрсетіп, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Back to top button