
Жезқазған қаласында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, теолог Телеген Өмірзақұлы Талдыбаевтың қатысуымен бірқатар рухани-ағартушылық кездесулер ұйымдастырылды.
Сапар барысында «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жергілікті дін қызметкерлері және ДДА өкілдерімен кездесу өтті. Сонымен қатар «Ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы мен рухани құндылықтардың маңызы» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырылып, облыстық әмбебап кітапханада «Дін және зайырлы мемлекет» тақырыбында сұхбат алаңы өтті.
Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлерімен «Діни сауаттылық – радикализмге қарсы қорған» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, №62 түзету мекемесінде есепте тұрған азаматтармен рухани-тәрбиелік кездесу өтті.
Іс-шаралардың басты мақсаты – қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру, отбасы құндылықтарын нығайту және жастарды дұрыс рухани бағытта тәрбиелеу.