
Биыл қалада алғаш рет бір мезетте 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл – соңғы жылдардағы ең ауқымды жол жөндеу жұмыстарының бірі. Жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 19,8 шақырымды құрайды. Оның ішінде Сәтбаев даңғылы мен Абай көшесі сияқты негізгі күре жолдар да бар.
Көктем мезгілінде жиі кездесетін мәселелердің бірі – жолдарды су басу. Бұл бағытта өткен жылы су жиналатын қиылыстарға 13 су өткізу құбыры орнатылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады.
Жауапты мекемелерге жолдар мен аулаларда жиналған суды дер кезінде тарту тапсырылды. Тұрғындардан түскен өтініштер де назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Қаланы абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.