Заң және тәртіп

Ұлытау облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Ұлытау облысында 10–13 наурыз аралығында “Құқықтық тәртіп” атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі. Оның басты мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың жолын кесу.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тәртіпті күшейтіп, көшелерді, аулаларды, ойын-сауық орындарын тексереді. Сонымен қатар, бұрын сотталған және профилактикалық есепте тұрған азаматтарға назар аударылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне де ерекше мән беріліп, жүргізушілердің жол ережесін сақтауына бақылау күшейтіледі.

Полиция департаменті тұрғындарды заң талаптарын орындауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамауға шақырады

Back to top button