Қоғам
Тренд

Жастар форумы – белсенділік пен азаматтық ұстаным алаңы

Жезқазған қаласында «Жаңа Конституция – жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің негізі» атты жастар форумы өтті. Аталған шараға «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» жас мамандары да қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Форум барысында қатысушылар еліміздегі конституциялық өзгерістердің маңызы, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ой бөлісіп, болашаққа қатысты ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, жастардың қоғамдағы белсенді рөлі, азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық құндылықтарды дамыту мәселелері де кеңінен талқыланды.

Спорт мектебінің жас мамандары мұндай маңызды шараларға қатысу арқылы ел өміріндегі өзгерістерден қалыс қалмай, белсенді азаматтық ұстаным танытып келеді. Олардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың ой-өрісін кеңейтіп, ел болашағына бейжай қарамауға тәрбиелейді.

Болашақ чемпиондарды тәрбиелеп отырған ұжым үшін мұндай шаралар – жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыратын маңызды алаң.

Back to top button