Қоғам

Сәтбаевта ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 20,5 тонна өнім сатылды

Сәтбаев қаласында тұрғындарға жергілікті өнімдерді тиімді бағамен ұсынған «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Сауда-саттыққа өңірдің 85 тауар өндірушісі қатысып, жалпы көлемі 20,5 тонна өнім саудаланды.

«Светофор» дүкенінің алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеде қала тұрғындары күнделікті тұтынатын азық-түлікті тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік алды. Сауда сөрелерінен көкөніс пен жеміс-жидектен бастап, ет, сүт және өзге де азық-түлік түрлерін кездестіруге болды.

Мұндай жәрмеңкелердің басты ерекшелігі – делдалсыз сауда жасауға жол ашуы. Бұл бір жағынан тұрғындарға қажетті өнімдерді қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің өнімін өткізуіне қолдау көрсетеді.

«Дала дәмі» жәрмеңкесі осылайша өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілері мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

 

Back to top button