Білім

Өңірде ерекше балаларға арналған жаңа мектеп бой көтереді

Ұлытау облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 600 орындық арнайы мектеп салу жоспарланып отыр. Жаңа білім ордасы балалардың сапалы білім алуына, қабілеттерін дамытуына және қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда өңірде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 2,5 мыңнан астам бала тіркелген. Олардың білім алуына және дамуына жағдай жасау үшін арнайы мамандардың қызметі де маңызды.

Бүгінде облыстың білім беру ұйымдарында 115 арнайы педагог жұмыс істейді. Дегенмен логопед, дефектолог және басқа да түзету-педагогикалық бағыттағы мамандарға сұраныс жоғары.

Жоспарланған мектептің ашылуы білім беру инфрақұрылымын кеңейтіп қана қоймай, осы саладағы білікті мамандарға деген қажеттілікті де арттырмақ.

Back to top button