Спорт

Ұлытаулық спортшы ММА-дан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ұлытау облысының спортшысы Неймат Асадов аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Әлемдік дода 1-7 қараша аралығында Грузияның Тбилиси қаласында өтті.

Қазақстан мен Ұлытау облысының намысын қорғаған Неймат Асадов 70,3 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Чемпионат барысында ол бес жекпе-жек өткізіп, Өзбекстан, Тәжікстан, Франция және Қазақстан спортшыларымен кездесіп, финалға дейін жетті.

Шешуші белдесуде жерлесіміз Ресей спортшысымен күш сынасты. Тартысты жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталып, Неймат Асадов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл нәтиже – ұлытаулық спортшының жоғары дайындығы мен табандылығының жемісі. Оның жетістігі өңір спорты үшін де зор мақтаныш.

Back to top button