Ұлытау тынысы

Ұлытау облысында республикалық маңызы бар жолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

Ұлытау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстары күшейтілген режимде ұйымдастырылуда. Бұл туралы облыстық «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы мәлімдеді.

Мекеме ақпаратына сәйкес, жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуде. Мамандар қар тазалау, жол жиектерін қардан аршу, көктайғаққа қарсы материалдар себу, қауіпті учаскелерді бақылау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үздіксіз шаралар қабылдауда.

Қыс мезгілінде ауа райының құбылмалылығын ескере отырып, жүргізушілерге жолға шығар алдында бағыт бойынша жол жағдайын нақтылап, сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Back to top button